2013 жылдың 2 мамырында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мен Шаруашылық жұмыс бойынша проректор Асқар Шаймерденов, «Агротехнология» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Қабжанова университет аймағын жасыл желекті ету науқанына белсенді атсалысты.

 

Жылда дәстүрлі түрде өтіп тұратын науқан аймақты жасыл желектендіру, абаттандыру және қаланы тазалау шарасы аясында өтеді. Аталмыш шара Павлодар қаласын жасыл желекті ету студенттерді, қала тұрғындарын қатыстыруды, экологиялық мәселелерді жасыл желекті аймақты арттыру арқылы шешуді мақсат етеді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғалымдары оқу ордамыздың аймағын жасыл желектендірудің жаңа бағдарламасын ойлап тапты. Бүгінгі науқан 30 қылқанды ағаштарды отырғызуды өзіне міндет етіп отыр. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі ағашты отырғызу орыны талдың ерекшелігіне орай дайындалады.

Елді мекендер мен шаһарларды жасыл желекті ету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл игі жұмысқа студенттер, жалпы жастар көптеп тартылуда. Осы сынды ізгіліктің арқауы болған шаралар қаланы таза, жайлы, павлодарлық өскелең ұрпақ үшін экологиялық қауіпсіз ете түсетіні хақ.

«Қайырымды, табысты әрі маңызды шаруаның басын қайыру мақсатында жиылып отырмыз. Менің ойымша әрбір адам ғұмырында бір ағаш қана емес, бірнеше тал отырғызуы қажет. Егер көктемде және күзде әр студент бір тал ексе, онда қаламыз көркейіп қана қоймай, жасыл желекті, тұрмысқа жайлы қалалар қатарына қосылады», - деді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Шаруашылық жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Шаймерденов.