2013 жылдың 28 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар ауданы мектеп оқушыларының болашақ түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі екендігін айта келіп, жастарға табыс, сәттілік тіледі.

Университеттің «Ашық есік күніне» Павлодар ауданының 200-ден астам оқушылары, ата-аналары, 18 аудан мектептерінің директорлары және ұстаздары қатысқан.

Павлодар ауданының әкімі Төлеген Бәстенов С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың әкімшілігіне жылы шыраймен қабылдау үшін алғысын білдірді.

Шара барысында ПМУ-дың ғылыми-зерттеу, мәдени және қоғамдық өмірі жөнінде келген жас түлектерге Павлодар мемлекеттік университетінің инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректоры, б.ғ.д. Нұрлан Ержанов, тарих және құқық факультетінің деканы, с.ғ.д., профессор Арман Әкішев, сонымен қатар, Павлодар ауданынан шыққан университеттің үздік студенттері баяндаған.

Мектеп оқушылар үшін білім ордасының «Сухой закон» КТК командасының үздік ойыны және студенттік филармония дарынды орындаушыларының концерттік бағдарламасы көзайым болды.

Аталмыш кездесу барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың спорттық залында оқушыларға ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.