2013 жылдың 26 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университетінің концерттік залында студенттік филармониясы мен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әсел Ботаеваның «Саған, халқым...» атты шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық концерт «Әл-әки» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, халықаралық және республикалық конкурстар жеңімпазы, «Аймақтар аламаны» тележобаның жеңімпазы Амангелді Қожановтың, «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының профессоры Ербол Айтбаетың қатысуымен өтті.

Кеш ПМУ-дың оқушылары, студенттері, сонымен қатар, қала ардагерлері және басқа да өнер сүюші қауым үшін нағыз тосын сый болып табылды.