С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әйелдер командасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында VII Жазғы универсиаданың тоғыз құмалақ ойынының екінші кезеңінің жеңімпазы атанып, алтын медалға ие болды.

Биыл С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті VII Жазғы универсиаданы өз қабырғасында қабылдау құрметіне ие болды.

Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі және бірінші кезеңі 2013 жылдың 4 – 7 сәуір аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың спорттық залында өтті. Универсиаданың тоғызқұмалақ ойынының екінші кезеңі 2013 жылдың 9 – 13 сәуірінде Павлодар қаласының Шахмат үйінде өткен болатын.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында тоғыз құмалақ ойынынан VII Жазғы универсиадаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 132 спортшыдан құрылған 25 команда қатысқан.

Тоғыз құмалақ ойын Универсиадасында жеңіп шыққан С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың әйелдер командасының құрамына Индира Искакова, Мадина Қарақұлова, Асем Абдылханова кірді.

Команда жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ПМУ «Сұңқар» спорттық клубының қызметкері Арыстан Қапаевтың айтуы бойынша, Универсиаданың жеңімпаз атануы жоғарыда айтылған студенттерге Қазақстан ұлттық командасының құрамына кіруге бірегей мүмкіндік береді.