С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті психология және педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д., педагогика ғылымдарының Халықаралық академиясының мүше-корреспонденті Қалиябану Кертаева «Тұлғаның қазіргі қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруы» атты II Халықаралық форумға қатысты (Екатеринбург қ., РФ).

Форум ұйымдастырушылары: Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі, Свердлов облысы бойынша Жалпы және кәсіби білім беру министрлігі, Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің Әлеуметтік білім беру институты (Екатеринбург қ., РФ).

Аталмыш іс-шараның аясында қарастырылған мәселелер: өзін-өзі жүзеге асырудың түрлері мен жағдайлары болып табылатын өзін-өзі тәрбиелеу және білім беру, тұлғаның қазіргі таңда өзін-өзі жүзеге асыруы, өзін-өзі тәрбиелеу және білім берудің түрлерін, жағдайларын және әдістерін анықтау.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-да енгізілген бейнеконференц-байланыс жүйесінің арқасында профессор Қалиябану Кертаева «Оқытушының өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі тәрбиелеуінің деонтологиялық компоненті» атты баяндамасын онлайн тәртібінде ұсынған.

Форум үйлестірушісі, Урал мемлекеттік педагогикалық университеті Әлеуметтік білім беру институты ғылыми бөлімінің қызметкері Анна Славина Қалиябану Махметқызына жеделдік, қайырымдылық және жалпы аталмыш ғылыми шараға ықылас танытқаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, ПМУ ғалымының баяндамасы форумға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды деп Анна Сергеевна мәлімдеді.