2013 жылдың 25 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беру жүйесінің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесі бойынша кеңес өтті.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор С.М.Өмірбаев кеңесте: «ПМУ білім беру жүйесі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі үш бағытын қамтуда: аймақтың индустриалды-инновациялық дамуы қажеттілігіне сәйкес жоғары білімі және жоғары оқу орынды тәмамдаған мамандармен қамтамасыз ету; еуропалық жоғары білім аймағына бірігу; білім беру, ғылым және өнеркәсіп саласында бірігуді қамтамасыз ету, жекеменшік интеллектік әрі технологиялар өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай туғызу», - деп мәлімдеді.

Осы бағыттарға сай Павлодар мемлекеттік университетінде білім беру бағдарламасы құрылымының өндірістік тәжірибе үлесін ұлғайту бойынша өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы оқу орнымыздың 4022 студенттері кәсіптік тәжірибесін келісім-шарт негізінде 163 кәсіпорын мен ұйымдарда өтті.

ББДМБ бағытына сай мамандарды дайындау көптіліділік білім беру жүйесі бойынша іске асады. Әсіресе педогогикалық мамандарды дайындауда көптілділік бағдарламасына сай білім беруге назар аударылады. Университетте көптілділік білім беру бағдарламасына сәйкес «Информатика», «Бейорганикалық химиялық технология» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары сынақтан өтуде. Аталмыш бағдарламаны ағылшын тілінде 38 тәртіп бойынша 16 көптілді ұстаздар сынақтан өткізуде.

ББДМБ іске асуының басты қыры – еуропалық жоғары мектеп аймағына бірігуді көздеу. Ол өз кезегінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын орындау және шетелдік дәріскерлерді оқу орнымызға шақыртумен қамтамасыз етілуде.

2012 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің 49 студенттері Қытай, Польша, Чехия, Мальта, Германия, Австрия, Ресей Федерациясы, Латвия елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алып келді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 2011 жылы 56, 2012 жылы 46 шетелдік ғалымдар ат басын тіреді. Ал, 2013 жылы 48 шетелдік ғалымдар келіп, дәріс оқиды деп жоспарлануда.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2010-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары бекітілген. Жоспарға сай білім шаңырағының даму траекториясы инновациялық-бағдарлы жоғары оқу орыны ретінде анықталған.

ПМУ ғалымдары нанотехнология, биотехнология, фармацевтикалық өндіріс, сәулет индустриясы және машинажасау, энергетика мен энергоүнемдеу технологиялары, ІТ технологиялар, экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты басым бағыттар бойынша жұмыс жасауда. Университет ғалымдары 10 инновациялық ғылыми жоба бойынша, 15 гранттық ғылыми жұмыстар бойынша зерттеумен айналысып жатыр.

Оқу ордамызда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қамқорлық кеңесі құрылып, кеңестің төрағасы болып Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын сайланды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың қамқорлық кеңесінің құрамына қоғамның белгілі, белді мүшелері кірді. Олар мынадай кәсіпорын мен ұйымдар: «Станция «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Павлодар мұнай-химиялық заводы»АҚ, «Кастинг» ПФ ЖШС, «Компания Нефтехим LTD»ЖШС, «Каустик» АҚ, «Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясы», «Казэнергокабель» АҚ, «Павлодар картон-рубероидты заводы», «Богатырь Комир» ЖШС.