2013 жылдың 14 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттердің назарына Масленица мейрамына арналған музыкалық театрландырылған қойылым көрсетілді.

Масленица – славян халықтарының пұтқа табынушылық заманынан келе жатқан қысты шығарып, көктемді қарсы алу мерекесі.

ПМУ Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері және Студенттік филармонияның жас таланттары Масленица мейрамына театрландырылған қойылымын арнады. Гүлбарам Бахтиярованың жетекшілігіндегі студенттік филармонияның әуезді әуендері мен ерекше қойылымдары салтанаттың сәнін келтіре түсті. Аталмыш іс-шараның сценарийін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Орыс филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Алевтина Цветкова құрастырған.

Масленица апталығының дүйсенбіден басталып жексенбіге дейінгі әрбір күнін театрландырып көрсетуі мерекелік кешті қызықтыра, жандандыра түсті. Жиылған қауымның ықыласын бөлеп, қуаныш сыйлады.

Масленицаны тойлау қонақтардың орыс ұлттық тағамдарын, соның ішінде мерекенің нышаны саналатын алтын түстес жұқа құймақтардың дәмін татумен жалғасты.