2013 жылдың 5 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Сәулет, дизайн және бейнелеу өнері мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттерге арналған скрапбукинг технологиясына үйрететін шеберлік-класс өткізілді.

Скрапбукингтің ең қолайлы түрлерін болашақ өнер шеберлеріне Дизайн және сәулет өнері кафедрасының студенттері Камила Дарьянова, Зифа Мигранова және Малика Омарова ұсынды.

Скрапбукинг (ағылш. Scrapbooking: scrap – кесу, book – кітап, яғни «кітапқа кескізіп қою») – арнайы түрде безендірілген фотоальбом жасаудағы қол өнер шеберлігінің бір түрі. Әрбір парақ фотоколлаж ретінде ұсынылып, жеке парақтан құрастырған фотоальбомды жасау әдісін студенттер бір сәтте-ақ игеріп алды.

Дизайн және сәулет өнері кафедрасының доценті, өнертану кандидаты Жұлдыз Таниеваның айтуы бойынша, бірінші Камила скрапбукинг технологиясына қызығушылығын білдіріп, достарын жұмылдырды. Скрапбукинг оқу пәні болмағанына қарамастан, жас өнерпаздар өз ынтасымен шығармашылық әлеуетін ұлғайтты.

Іс–шараның соңында сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин өз пікірімен бөлісті. Осындай шеберлік тәжірибелерді қалыптасқан дәстүрі бойынша атақты шеберлер емес, жас болашақ мамандар өткізіп жүргені – факультет тарихында алғаш рет болып жатқан оқиға. Дегенмен, Марат Қырықпайұлы аталмыш іс-шараның жағымды нәтижелері бойынша осындай бастаманың дұрыс екендігі дәлелденді деген қорытынды ой айттыҚазіргі кезде скрапбукинг АҚШ пен Еуропада кең таралған өнердің түрі. Елімізде бұл өнерге деген қызығушылық бертін ғана пайда болғаны мәлім.