2013 жылдың 21 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында «Әлемдегі кітапхана» атты іс-шаралар циклының аясында еврей ұлттық орталығы өкілдерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті.

Аталмыш іс–шара еврей халқының ежелгі мерекелерінің бірі – Пуримның қарсаңында өткізілді.

Пурим (ежелгі грек сөзі «пур» – жеребе) – Эсфири (Есфири) құрметіндегі мейрам. Бұл күні танымал еврей данышпаны парсы патшасы Артаксеркс (б.з.д. ІV ғ.) уақытында зұлым Аманның қиянатынан азат болуы атап өтіледі. Бұл оқиға жайлы Інжілдік кітап «Есфирьде» әңгіме болады. Пурим мерекесі еврей халқының вавилондық тұтқындаудан азат болуына арналған.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ең көрнекті мүшелерінің бірі, «Мерказ» атты еврей ұлттық мәдени орталығының төрайымы Фаина Свечинская кештің аса қадірлі қонағы болып табылды.

Пурим мерекесінің тарихымен ПМУ-дың оқытушылар мен студенттерін ұлттық жаңару мектебінің оқушылары театрландырылған қойылым түрінде таныстырды.

Кештің соңында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының қызметкері Елена Лиханова барлығының атынан «Мерказ» еврей ұлттық этномәдени орталығының өкілдеріне шын жүректен алғысын білдірді.