2013 жылдың 21 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің отырыс залында «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Павлодар облысының аудандық және қалалық атқарушы хатшыларының есеп беру отырысы өтті.

Жиын барысында атқарушы хатшылар 2012 жылғы аудандық және қалалық Жастар қанатының жасалған жұмысының қорытындыларын жасады. Былтырғы жылдары атқарушы хатшылардың ауысуына байланысты, жиын қатысушылары 2013 жылдағы атқарылатын іс-шараларды талқыға салды.

Жиналыс барысында Павлодар облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның Кеңесіне атқарушы хатшылар өздерінің кандидаттарын ұсынып, сайлау өткізбек. Атқарушы хатшылардың жиналысы тек есеп беру кездесуімен ғана шектелмей, «Жас Отан» ЖҚ-ның өңірлік бөлімдерінің мәселелері талқыға салынып, алдағы іске қосылатын «Жас Отан» ЖҚ-ның жас отбасыларға арналған жобасымен таныстырып өтті.