2013 жылдың 19 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен ЖИТС (Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) облыстық орталығы қызметкерінің «Жастарды иммундық тапшылық вирусынан сақтандыру әрекеттері» тақырыбында кездесуі болды.

Аталмыш іс-шараны ПМУ-дың әлеуметтік және тәрбие жұмыстары департаменті ЖИТС облыстық орталығымен бірлесе отырып жоспарлау түрде өткізді.

Кездесу барысында ЖИТС облыстық орталығының маманы Жұлдыз Ажмұратова ПМУ студенттеріне арнайы дәріс оқып өңіріміздің эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып өтті.

Кездесу барысында ЖИТС облыстық орталығының маманы Жұлдыз Ажмұратова ПМУ студенттеріне арнайы дәріс оқып өңіріміздің эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Жұлдыз Жәнібекқызы өз сөзінде иммундық тапшылық вирус жұқпасынан сақтандыру, оны анықтау тәсілдері және одан емделу әрекеттерін атап өтті. Дәріс мәтініне сәйкес ЖИТС облыстық орталығының қорынан алынған иммундық тапшылық вирусының тарихы, оны тарату жолдары, соған қоса, жеке сақтандыру әрекеттері жөнінде арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Дәріс аясында ұсынылған нашақорлыққа қарсы күрес жайындағы бейнеролик ПМУ –дың студенттеріне зор әсер етті.

Кездесу соңында ЖИТС облыстық орталығының маманы тақырып бойынша қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.