2013 жылдың 4 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы шеңберінде тұңғыш рет өткізіліп отырған академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орындары аралық телекөпір өтті. Аталмыш іс-шара ПМУ-дың ректоры С. Өмірбаев және Қарағанды Қазтұтынодағы? экономикалық университетінің ректоры Е. Аймағамбетовтың қатысуымен өтті.


  Телекөпірді ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры С. Өмірбаев Қарағандылық әріптестеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. С. Мәуленұлының айтуынша, академиялық ұтқырлық бірегей мүмкіндік болып қана қоймай, сонымен қатар, оқытушылар мен студенттердің әлемдік білім беру кеңестігінде бәсекелестікті тудырып, жалпы университет ұжымының білімділігін арттыруға  жол ашты.

  Қарағанды Қазтұтынодағы экономикалық университетінің ректоры Е.Балқараұлы басқаруымен телекөпірге қатысып отырған оқытушылар ҚҚЭУ қабырғасында білім алған ПМУ студенттері білімділігі мен белсенділігімен көзге түскендігін  атап өтті. 

  Телекөпір барысында Қарағанды экономикалық университеті және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих пен құқық кафедрасының студенттері бір-бірімен білім жүйесінің жергілікті ерекшеліктері мен басымдықтары жөнінде пікір таласты. Телекөпірге қатысқан ПМУ студенттері Қарағандыда ғана емес, сонымен қоса, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық инновациялық университеті (Астана) және де Прагадағы экономикалық жоғарғы мектебінде (Чехия) білім алуда.

  Телекөпірге белсенді қатысқан ПМУ студенттері оқытушыларымен  ой бөлісіп, шетелдегі оқу жайында пікірлерін, сол жақтан алып әкелген әсерлерін, жұмыстарын (ғылыми жобалар мен фотосуреттерді) жиналған қауымның назарына ұсынды.

  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басқа факультеттерінің ұжымдары да шетелден оқып келген  студенттерімен кездесулер өткізу мен олармен тәжірибе алмасуды  көздеп отыр.