2013 жылдың 28 қаңтарында сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Білім Кеңесінің залында «Жастар және дін» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді университеттің инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректоры, б.ғ.д. Нұрлан Ержанов ашты. Нұрлан Телманұлы айтуы бойынша, аталмыш іс-шараның мақсаты – Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында белгіленген «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» стратегиялық міндетіне сәйкес студенттік жастар арасында әлеуметтік-белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушы – С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.

Дискуссияның басты тақырыбы келесі сұрақтарды талқылау болды: қазіргі кезеңдегі діни сауаттылық пен діни ахуал, жастардың дінге деген көзқарасы, жастар арасындағы діни толеранттылықты құрастыру, жастар ортасындағы экстремизмді алдыналу.

Дөңгелек үстел аясында «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Ешмұратов «Қазіргі тандағы жастардың діни сауаттылығы: туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары» атты тақырыбы бойынша баяндама жасады, сонымен қатар «Формирование толерантной личности в контексте этноконфессионального разнообразия» атты мәселені Павлодар облысы ҚХА жастар ЭМБ үйлестіруші кеңесінің төрағасы Наталья Нефёдова қарастырды, және де тәжірибелі дінтанушы Жолдас Бертімұратов өз баяндамасын ұсынды.

Сонымен қатар, аталмыш іс-шараға қатысқандар: Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының ҚХА және діни бірлестіктермен істесу бөлімінің бастығы Абсаликов Нұрұмбек Неғматұлы; Павлодар облысы бойынша дін істері департаменттің бас маманы Слямов Жаслан Шаимұлы; Үйлестіру және жастар бастамалары мен әлеуметтік бастамаларды іске асыру бөлімінің бастығы Гладышева Светлана Анатольевна; Павлодар облысы ҚХА жастар ЭМБ үйлестіру кеңесінің төрайымы Нефедова Наталья Владимировна; Конфессияаралық қарым-қатынастарды саралау Орталығы МКМ директоры Раздықова Гүльназ Мақсұтқызы; МОО «Адал» ЖҚБ төрағасы Рандюк Иван Владимирович, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер, чуваш және армян ЭАҰ жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Сонымен қоса, дөңгелек үстелдің жұмысына ПМУ-нің этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері қатысты. Орталықтың директоры Нұржамал Тышқанова «Rukhani alem» атты сайтты (rukhanialem.psu.kz) қатысушылардың назарына ұсынды.

Отырыс барысында, іс-шараның қатысушылары жастармен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарымен ой-пікірлерімен бөлісті, мемлекеттік органдармен, Павлодар облысының ҚХА жастар ЭМБ үйлестіру кеңесімен істестіктің жаңа түрін меңзеді.

Дөңгелек үстел қатысушыларының тілдесулері, тақырыптың қызықты болғандығынан екі сағаттан аса жалғасты. Проректор Н.Т. Ержанов осындай кездесулер жастардың рухани-өнегелік тәрбиесіне қажет екендігін айта отырып, іс-шараның қатысушыларына белсене қатысқандары үшін алғыс айтты.

«Жастар және дін» атты дөңгелек үстел Павлодар аймағымыздың мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиғасы болып табылады.