Балалар, елімізде белсенді ұл-қыздардың басын қосқан «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмыс істейтінін білесіңдер. Сендер де осы бірлестіктің мүшесі атанып, білім алып, Отанымыздың ұл жанды азаматы болуға тырысып жүрген боларсыңдар?!

Өздерің білетіндей, қазіргі кезде кез келген ұйым, бірлестіктердің, тіпті әр мектептің дербес әнұраны болады. Дегенмен, әзірге жасұландықтар бірлесіп шырқайтын әнұран жоқ екен. Жуырда облысымызға танымал сазгер Назымбек Дүкенбай және жергілікті ақын Сүлеймен Баязитов редакциямызда қонақта болып, сендерге арнап жаңа әнін алып келіпті. Бұл туынды «Жас ұландар маршы» деп аталады. Қанекей, қосылып ән салайық!

«Сарыарқа самалы» газеті. 17 сәуір, сейсенбі, 2012 жыл

Жас ұландар маршы (-).

Жас ұландар маршы (+)

Ноталар