«Болашақ» Қауымдастығы ҚР-ның жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің дайындық деңгейін көтеру мақсатында «Жас сарапшы- 2012» республикалық байқау өткізеді. Сайысқа экономика мамандығы бойынша оқитын 3-4 курс студенттері  қатыса  алады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етіледі. Сондай-ақ, «Үздік жас экономист» атағы беріледі.

Жас мамандар экономика саласындағы компанияларда тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.

Дәлірек мағлұматты 438 каб. орналасқан Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан ала аласыз.