«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ 2012 жылғы 01 қыркүйек пен 30 қазан аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен ЖОО студенттері арасында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша олимпиада өтетіндігін хабарлады. Бірінші тур 2012 жылғы 01 қыркүйек пен 07 қазан аралығында http://olymp.iitu.kz  жалпыға қолжетімді Олимпиадаларды өткізу порталының көмегімен қашықтық нысаны бойынша өткізіледі.

Тіркелген қатысушылар туралы ақпараттарын  және дайын мәлеметтерін ҒЖД және ПЛҚ бөліміне (243 бөл., іш.1244) 2012 ж. 07 қыркүйегіне дейін тапсыру керек. Барлық сұрақтар бойынша ҒЖД және ПЛҚ бөліміне келуіңізге болады.
Ақпарат қоса беріледі [ашу].