Біздің жоғарғы оқу орнымыз Республикалық жоғарғы оқу орны аралық электронды кітапхана қызметтерін пайдаланады. Ол үшін оқырмандар кез келген компьютерлік сыныпта www.rmeb.kz сайтын ашып, іздеу жүйесі арқылы кітап атауын, автордың аты-жөнін немесе кілт сөздерді пайдаланып, қажет кітаптарға тапсырыс бере алады.

Пайдалану бойынша нұсқаулық сайттың бастапқы парағында орналасқан.