ҚР БжҒМ шетел оқытушыларын тарту бағдарламасының жүзеге асыру шеңберінде С.Торайғыров ат. ПМУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті шетел оқытушылардың іссапарын ұйымдастыру жөнінде көптеген жұмыс атқарады.

1. 2011 жылдың 12 желтоқсаннан бастап 15 желтоқсанға дейін Әзербайжан мемлекетінен Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Ахмедов Ильхам Баширович шақырылды.

2. 2011 жылдың 26 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейін Ресей Федерациясынан доцент, Челябинск мемлекеттік университетінің профессоры Гайдученко Леонид Леонидович шақырылды.

3. 2011 жылдың 25 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейін Ресей Федерациясынан (Мәскеу қаласы) Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, ғпедагогика ылымдарының докторы Мардахаев Лев Владимирович шақырылды.

4. 2011 жылдың 27 желтоқсаннан бастап 29 желтоқсанға дейін Чехиядағы Чехия техникалық университетінің профессоры, доктор Павел Фицек шақырылды.

5. 2011 жылдың 11 желтоқсаннан бастап 17 желтоқсанға дейін Ресейдегі Кемеров мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Марина Владимировна Пименованы шақырды.

6. 2011 жылдың 26 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейін Түркиядан бес ғалым, Стамбул университетінің профессорлары шақырылды.

7. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Германиядағы Вупперталь қаласындағы Берг университетінің магистрі Дания Мунсызбаевна (Белькаир) Акимбекованы шақырды.