ҚР БжҒМ-ң 2011 жылғы шетел оқытушыларын тарту бағдарламасы шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2011 жылдың 31 қазаннан бастап 05 қарашаға дейін Чехия Республикасынан екі шетел оқытушыларын шақырды.

Халықаралық білім беруді дамыту ассоциациясының президенті, профессор Лариса Шейко университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына  және «Мәдениеттану», «Тарих», «Археология және этнология», «Философия», «Құқықтану», «Қоғамтану» және «Саясаттану» мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға және студенттерге «Мәдениеттану» пәнінен дәріс оқыды.

Осы кезенде профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар және «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг» мамандықтарында оқитын студенттер Прагадағы Банк Институтының бірінші проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Либомир Цивиннің дәрістер курсын тыңдады. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізілді.

Университет басшылығымен, қаржы-экономика, тарих және құқық факультеттерінің декандарымен, кафедра меңгерушілерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өткізілді. Мәдениеттанудың маңызды сұрақтары және әлем деңгейіндегі экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелер талқыланды. Шетел оқытушыларына мұражай кешенінде, С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханада және аудиториялық қорда экскурсия ұйымдастырылды.