2011 жылдың 05 желтоқсаннан бастап 08 желтоқсанға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Америка құрама штаттарынан профессор Сергей Семенович Пушкарев сапар шекті.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілігінің шетел оқытушыларын тарту бағдарламасының жүзеге асыру шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Халықаралық ынытмақтастық департаменті шетел оқытушылардың іссапарын ұйымдастыру жөнінде көптеген жұмыс атқарады.

2011 жылдың 05 желтоқсаннан бастап 08 желтоқсанға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Америка құрама штаттарынан профессор Сергей Семенович Пушкарев сапар шекті. Пушкарев мырза «Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәні бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына, магистранттарға және «Құқықтану», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Саясаттану» мамандықтарында оқитын студенттерге дәріс оқыды. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізілді. Университет басшылығымен өткен кездесулерде тығыз ынтымақтастықтың келешектері талқыланды. С.С. Пушкарев қонақжайлылықпен өзін жылы қарсы алғанына риза болды және әрі қарай ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.