ҚР БжҒМ-інің шетел оқытушыларын тарту бағдарламасы шеңберінде С.Торайғыров ат. ПМУ Германиядағы Хайльбронн университетінің профессорын Олаф Хенгерерді шақырды. Халықаралық ынтымақтастық департаменті профессорды қарсы алу және іссапарын ұйымдастыру жөнінде көптеген жұмыс атқарды.

2011 жылдың 03 желтоқсаннан бастап 04 желтоқсанға дейін Хенгерер профессорлық-оқытушылық құрамына, магистранттарға және «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг» мамандықтарында оқитын студенттерге дәріс оқыды. Дәрістер ағылшын тілінде жүргізілді.

Университет басшылығымен өткен кездесулерде әрі қарай ынтымақтастықтың келешектері талқыланды. Олаф Хенгерерге біздің адамдардың жылы қарсы алуы және қонақжайлылығы қатты ұнады.