Эдмунд Маски 2012-2013 оқу жылына арналған магистратура бағдарламасы бойынша стипендиялар ұсынады. Бакалавр дәрежесі бар, АҚШ-да білім алуға ниет білдірушілерге Эдмунд Маски(Muskie) стипендиялар бағдарламасы бір немесе екі жылдық бағдарлама бойынша магистратура дәрежесін алуға мүмкіндік береді.

Негізгі қолдаушысы АҚШ-ның Мемлекеттік департаменті болып табылатын бұл бағдарлама Қазақстанда АЙРЕКС ұйымы арқылы үйлестіріледі. Стипендиялар Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Украина және Өзбекстан азаматтарына тағайындалады. Барлық үміткерлер ашық конкурс негізінде іріктеуден өтеді. Өз елініе дамуына және оның жаңартылуына белсенді ат салысуға дайын үміткерлерге басымдық беріледі.

Мамандықтар:

•    Басқару ісі

•    Экономика

•    Мемлекеттік басқару

•    Мемлекеттік саясат

•    Заң

•    Блім беру

•    Қоршаған ортаны басқару

•    Журналистика және БАҚ

•    Кітапхана ісі

•    Денсаулық сақтау