13 қазанда ғылыми кітапханада Агротехнология және биотехнология кафедрасының күні өтті.

Актив және пассив қордан ұйымдастырылған кітап көмесі осы мамандықтар бойынша оқытушылардың көңілінен шықты, онда: барлығы 163 дана – кітап, 80 дана – мерзімді басылымдар қойылды. Шараға қатысушылар агротехнология және биотехнология бойынша жаңа құжаттар туралы, ПМУ-дың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін ақпараттық-библиографиялық қаматамасыз ету туралы және «Будущее биотехнологии глазами ученых» тақырыбына арналған мерзімді баспасөз материалдары бойынша библиографиялық шолуды тыңдады.