2009 жылғы қыркүйек айында кітапханаға 3346 дана басылым түсті. Солардың ішінде қазақ тіліндегі «Қарасай» баспасынан шыққан М.Құлбекұлы және Ш.Хамраеваның «Электр және магнитизмнің физикалық негіздері» оқулығын және академик Е.Е.Ерғожин мен М.Қ.Құрманалиевтің «Жоғары молекулалық қосылыстар» оқулығын (100 дана) атап өтуге болады.

Университтеттің «Кереку» баспасынан да біршама – 3000 дана құрал түсті. Оның ішінде қазақ тілінде 654 дана, оның 525-і әдістемелік нұсқау, орыс тілінде 1843 дана, оның 1239-ы әдістемелік нұсқау.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында да сыйлықтар түсуін жалғастыруда. Әсіресе Қ.Салғараұлының «Ұлы Қағанат», А.Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы», қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Великие дочери Великой степи», 3 томдық «Қазақ журналистикасы», «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясы 1-том, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі Ш.Ж.Тоқтабаев, Р.У.Каримовтың «Рариреты декоративно-прикладного искусства казахов зарубежом» өнер туралы кітабы, Қ.Байпақов, Қ.Байбосыновтың «Сокровища Древнего Тараза», З.Самашевтың «Древние сокровища казахского Алтая» кітаптарын атап өтуге болады.

Жаңадан ашылған мамандықтар үшін оқулықтар түсті. «Мұнай-газ ісі» мамандығы үшін Атырау мұнай-газ институтының оқытушылары Т.П.Серіков және т.б. «Қазақстан мұнайын өндіру технологиясының қазіргі жағдайы», «Мұнай және газ өндірісі дамуының инновациялық технологиясы» конференция материалдары, «Экология және мұнай-газ комплексі», «Атырау облысындағы мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі дамуының инновациялық жолдары» ғылыми еңбектері жинағы, «Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібін ғылыми-техникалық және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері» сияқты еңбектерін жіберді.

Саясаттану мамандығы үшін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өз материалдарын: М.Т.Лаумилиннің «Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике» кітабын, «Казахстан и ОБСЕ», «К председательству Казахстана в ОБСЕ: сборник документов и материалов», «Республика Казахстан: политическая модернизация» және т.б.  материалдарды жіберді.