2009 жылдың 18 мамырында журналистика және өнер орыс филология факультетінің студенттеріне, лицей оқушыларына арналған «Я все же к вершине Машхура пойду...» атты әдеби кеш өткізілді.

Кештің міндеттері мен мақсаттары: Мәшһүр Жүсіптің ешқашан да өшпес құнды мұраларымен танысу, жастарда ұлтжандылық сезімін, әйгілі тұлғалардың шығармашылық мұрасына қызығушылық тудыру және де өз халқын мақтаныш етуге тәрбиелеу. Кеш бағдарламасында: ҒӨО қызметкері Аманжолова М.Б. Мәшһүрдің шығармашылығы туралы сөз етті, өлең оқылды, музыкалық номер және де ПМУ студенттері терме орындады. Кешке қатысқандар өткізілген іс-шараны және де өлеңдердің орыс тілге аударылуын жоғары бағалады.