Торайғыров университетінде «Beisembayev Library» және Ш.Шөкин атындағы ЖОББМГ ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі және шығармашылығымен танысқым келесі» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шараны белгілі қазақ ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай өткізді.

Іс-шара аясында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің философиясын, өзіндік көзқарасы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесін көрсететін шығармаларынан үзінділер оқылып, талқыланды.

Кешке Мәшһүртанушылар, сондай-ақ ойшылдың өмірі мен шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алған ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.