Торайғыров университетінде студенттер арасында эмоционалды күйзелістің алдын алу үшін «Relax-day» өтті.

Ұйымдастырушылар - Торайғыров университетінің психологтары. Қатысушыларға денеге бағытталған тәсіл, өзін-өзі реттеудің негізгі әдістері, сондай-ақ арт-терапия сияқты әдістер көрсетілді, онда студенттер өздерінің сезімдері мен эмоцияларын акварельмен бейнеледі, сонымен қатар өздерін түсінуге ықпал ететін мандалаларды безендірді. Арт-терапия эмоционалды шиеленісті азайтуға, тыныштандыруға және демалуға көмектеседі.

Бұл іс-шара білім алушыларға алдағы емтихандарға бейімделуге көмектеседі, өзін-өзі реттеу құралдарын қолдануға үйретеді.