Торайғыров университетінің студенті Ильсур Тукаев іріктеу турында жеңіске жетіп, қыркүйек айында Польшада өтетін EuroSkills Gdańsk 2023 Еуропа чемпионатына жолдама алды. Ол әлемдік біріншілікке дайындық үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамына кірді.

 

WorldSkills іріктеу туры «ЧПУ станогындағы фрезерлік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Ақсу қара металлургия колледжінің базасында өтті. Чемпионатқа 6 аймақ қатысты.

Ильсур инженерия факультетінде оқиды, Ақсу қара металлургия колледжін бітірді

- Мен қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бүкіл әлемде жұмыс істейтін стандарттарға көшкеніне өте қуаныштымын. Бұл біздің колледждерде дайындалатын мамандар тек Қазақстанда ғана емес, оның шекарасынан тыс жерлерде де жұмыс істей алатындығын білдіреді. Бұл қазақстандық ТжКБ ұйымдарының түлектері ең қажетті дағдылар мен құзыреттерге ие болады дегенді білдіреді.  Бұл колледж түлектері білім беруді одан әрі арттыру ретінде Торайғыров университетін таңдағанына қуаныштымын. Осылайша, интеграцияда біз кәсіпорындарымызға шын мәнінде сұранысқа ие және заманауи машина жасау үрдістерінде құзыретті мамандарды аламыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Ильсур Тукаев өткен жылы WorldSkills республикалық кәсіби шеберлік байқауында үшінші орын алып, өз бағытындағы Қазақстандағы үздік мамандардың бірі екенін көрсетті. Ол Германиядағы әлем чемпионатына да қатысты.

Ильсурға сәттілік тілейміз және баршамыздан жігітімізді қолдауларын сұраймыз!