Биыл Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Рафаэль Вахитов 95 жылдығын атап өтуде.

Рафаэль Гайсич Павлодар және Қазақстан боксының дамуына зор үлес қосты. Оның арқасында Кеңес заманында павлодарлық боксшылар туралы алғаш рет айтылды. Ол халықаралық маңызы бар жарыстарда жеңіске жеткен спортшылардың тұтас бір тобын тәрбиеледі.

 

- Егерде Рафаэль Гайсич өз өмірінде ең қиын сынақтардан өтті десем, мен өтірік айтпас едім. 14 жасында ол соғыс кезінде эвакуацияланған зауытта мысшы болып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Соғыстан кейінгі жылдары ол Украинадағы балалар санаторийін қалпына келтіру жұмыстарына араласты. Міне, осы еңбегі және басқа да жағдайлар біздің ақсақалды қатайтты, үлкен тәжірибе болды. Торайғыров университетінің барлық ұжымы үшін Сізбен дос болу өте құрметті іс. Сіздің өміріңіз әрқашан оптимизмге толы және болашаққа сеніммен қарайсыз. Бұл әрқашан жеңіске жететін нағыз көшбасшының қасиеттері, - деді университет ректоры Еркін Садықов.

Бұл күні мерейтой иесін құттықтауға Павлодар облысының бокс федерациясының, Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының өкілдері келді. Сонымен қатар, «В движении» кітабы ұсынылды. 

Айта кетейік, Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Рафаэль Вахитовтың атаулы залы бар.