Торайғыров университетінде Наурыз мейрамы аталып өтті. Жоғары оқу орнының шетелдік студенттері мерекенің басты қонақтары болды. 

 

Ұлыстың ұлы күніне арналған кездесу 
коворкингте өтті. Foundation факультеті мен студенттік ұйымдардың күшімен көшпенділердің салт-дәстүрлері паш етілді. 

- Біздің ата-бабаларымыз табиғат пен қоршаған ортаның жаңаруының символына айналған Наурызды тағатсыздана күтті. Қазір ата-бабаларымыз сияқты бір-бірімізге қонаққа барып, жақсы тілектерімізді айтамыз.  Торайғыров университетінің студенттері мен қызметкерлерін көктем мерекесімен құттықтап, молшылық пен табыс тілеймін, - деді ректор Еркін Садықов. 

Салтанатты шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы облыстық филиалының басшысы Болат Зауыт қатысты.  Ал шетелдік студенттер мерекенің құрметті қонақтары атанды. Олардың көбі мерекені бірінші рет тойлады. Жастар дәстүр бойынша Наурыз көжеден дәм татты. Сонымен қатар, қара жорға билеуге шақырылды