Торайғыров университетінде "VII Шөкин оқулары" халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. 

Қазақстанның өңірлері мен өзге мемлекеттерден келген ЖОО, колледж студенттері, магистранттар, докторанттар, сонымен қатар, 10-12 сынып оқушылары конференцияда өз баяндамаларын ұсынды. 

- Академик Шапық Шөкинді еске алуға арналған халықаралық ғылыми-техникалық конференцияның ашылуына қатысқаныма қуаныштымын. Осындай формат арқылы ұлы ғалымдарымыздың еңбегіне құрмет көрсетеміз. Конференция осымен жетінші рет өтіп жатыр, - деді ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Қатысушылардың қатарында Торайғыров университетінің профессорларымен қатар Л. Гумилёв атындағы ЕҰУ, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары болды. 

Шапық Шөкин – қазақтың ұлы ғалымы, техникалық ғылымдар докторы, профессор, Қазақ КСР Академиясының академигі, Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушы және бірінші директоры.