ToU қазақстандық жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып отандық enbek.kz еңбек биржасымен жұмыс істей бастады. Біздің қызметкерлер бірнеше бағыт бойынша қысқа мерзімді курстар әзірледі:  «Маркетинг және менеджмент», «Бизнес және басқару, ақпаратты өңдеу» және «Энергетика». 

Оқу материалы онлайн режиде қолжетімді. Торайғыров университетінің курстарына видео, дәріс конспектілері, бейнесабақтар, тұсаукесерлер, тәжірибелік және тест тапсырмалары енген. Біздің өнім Еңбек ресурстарын дамыту орталығының модерациясынан өтті. Ол өз дағдыларын дамытып, жаңа мамандықты меңгергісі келетін адамдарға пайдалы болмақ. Біздің курстарды enbek.kz сайтынан іздеңіз! 
Бұл – білім беру онлайн-курстарындағы алғашқы тәжірибеміз. Бірақ, біз бір орында тұрмаймыз. Алдағы уақытта біздің өнім Coursera әлемдік жетекші платформасында пайда болады! ToU-мен бірге білім алыңыз!