Енді Торайғыров университетінің студенттері мен қызметкерлері тістерін жеңілдікпен емдей алады.

Стоматологиялық кабинет ToU аумағындағы №2 кампуста ашылды. Мұнда қабылдауды дәрігер Ербол Жақыпов жүргізеді. Кәсіби тіс дәрігері дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін емдейді және протездейді. ЖОО студенттері мен қызметкерлері үшін кабинетте жеңілдіктер қарастырылған.

Стоматологиялық кабинетті аша отырып, Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов бүгінде тістердің саулығын бақылау қажет екенін еске салды, өйткені тіс дәрігерінің қызметі арзан емес. Ербол Жақыпов тіс дәрігерінің тексеруін кем дегенде жарты жылда бір рет өткізген жөн деп атап өтті.