Торайғыров университетінде банкроттық, банк операциялары, микроқаржы қызметі және коллекторлық агенттіктер тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу спикері Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов болды.

- Кездесуде біз осы жылдың наурыз айынан бастап күшіне енетін Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңның қыр-сырын талдадық. Бұл диалог ЖОО қызметкерлері үшін де, қаржылық сауаттылығын нығайтуды қажет ететін оқушылар үшін де пайдалы болатынына сенімдімін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Ержан Тоқтарханов сот банкроттық рәсімі, қаржы басқарушылары, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі – барлық мүмкіндіктер, артықшылықтар, сондай-ақ "сауықтыру" тәсілдері туралы айтып берді.