Торайғыров университетінде кәсіподақ пен университеттің актерлік шеберлік мамандығының студенттері ұйымдастырған балалар ертеңгілігі өтті. Дәстүр бойынша балалар Аяз ата мен Ақшақармен дөңгелек би биледі

- Ертеңгілік ұйымдастырып, Жаңа жыл қарсаңында балалардың көңіл-күйін көтергендердің барлығына көп рақмет! Ал, біздің кішкентай достарымызға бақытты балалық тілегім келеді! Жаңа жылда кез-келген  тілектер орындалады. Сонымен қатар, сіз өзіңіздің арманыңызға жету үшін күш салуыңыз керек. Ол үшін оқу, өзіңмен жұмыс істеу және алға қойған мақсатыңа келетініңе сену керек, - деп құттықтады ЖОО ректоры Еркін Садықов

Балаларға арналған екі спектакль, сондай-ақ конкурстар мен жаңа жылдық сыйлықтар бар концерттік бағдарлама ұсынылды.