Торайғыров университетінің делегациясы Кенжекөл ауылындағы балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті. ЖОО ректоры Еркін Садықов балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

 

- Бұл жердегі балалар ақылды әрі қызығушылықтары мол, олармен әңгімелесу бізге жылы сезім сыйлады. Біздің сыйлықтарымыз оларға ұнағанына өте қуаныштымын. Олар ел болашағы үшін қажетті мамандық алуға және біздің қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын балалар. Біз өз көмегімізбен кем дегенде бірнеше баланың арманын орындай аламыз деп үміттенемін, - деп атап өтті Еркін Садықов.
ToU атынан балалар ауылындағы ұлдар мен қыздарға Торайғыров университетінде және Торайғыров университетінің колледжінде грантта оқуға сертификаттар мен кітаптар табысталды. 
Сонымен қатар, ЖОО мен балалар ауылы Меморандумға қол қойды, оның мақсаты - Павлодар облысының оқушыларын жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға, бұқаралық әлеуметтік-мәдени, ақпараттық-ағартушылық, спорттық іс-шараларды өткізуге, оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Кездесу соңында ToU студенттік филармониясы балалар мен олардың педагогтарына концерттік бағдарлама ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында пәндік олимпиада аяқталып, онда 20 оқушы грант ұтып алды, ал 95 оқушыға оқуда жеңілдіктер берілді.