Торайғыров университетінде шетелдік оқытушылардың дәрістері жалғасуда. Бұл жолы Черногориядан келген профессор Милик Миркович студенттермен жұмыс істеді.

Павлодарда Черногориядан келген қонақ макро және микроэкономика, эконометрика, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау сияқты пәндер бойынша дәріс оқиды.

Айта кетейік, ToU шетелдік профессорларды тұрақты негізде шақырады. Бұған дейін ЖОО-да Үндістан, Түркия, Пәкістан, Чехия, Польша және Германиядан келген профессорлар дәріс оқыды.