Торайғыров университетінде IPR SMART экожүйесімен жұмыс жөніндегі семинар өтті. Бұл жаңа сандық жүйе болып табылады: білім беру контенті, оқуға арналған сервистер және бір платформада оқыту.

IPR Media компаниясының даму жөніндегі директоры Вита Кутуева сөз алды:
- Оқытушылардың барлығы кітап шығарып, тарата алады. Бірақ, біз материалдарды жүйеде көп сақтай алмаймыз, себебі, авторлық келісімшарттар, лицензиялар бар. Біздің жүйеде кітапты жүктеп алуға болмайды, өйткені, автор немесе баспамен лицензиялық келісімшартқа қол қойылған. Бірақ, көшірме жасау заңды негізде, себебі, таратуға жатпайды. Сондықтан, біз оқытушыларға кез келген мәтін көлемімен жұмыс істеуге рұқсат береміз, - дейді Вика Кутуева.
Семинар барысында оқытушылық құрам ЭБС IPR SMART,   Datalib цифрлық экономика кадрларын даярлаудың бірегей оқу платформасының  жұмысының негізгі қағидаттарымен танысты. Кездесу шеңберінде академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быковпен  ЭБС IPR SMART пластформасының цифрлық өнімдері саласындағы ағымдық серіктестік туралы талқыланды.