Торайғыров университетінің студенттері академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Лодзин университетінде білім алып жатыр. 

Польшаға өмір сүру қауіпсіздігі, география, computer science, oil and gas refining мамандықтары бойынша оқитын студенттер аттанды: Айшат Бақытова, Еламан Жақсылық, Тамерлан Мұханов, Әбдірайымов Ердәулет, Шакенов Бахтияр. 
 География мамандығының студенті Айшат Бартовна тәжірибесін молайту үшін экспедицияларға шығып, музей материалдарын зерттейді. 
- Мұндағы сабақ кестесі өзгеше. Үзілістер жоқ. Бір аптада бір сабаққа екі сағаттан беріледі. Оқытушы сабақты аяқтау уақытын өзі шешеді. Сабақтар семестрдің ортасында студент немесе профессордың жүктемесіне қарай басталуы мүмкін. Ал емтихандар факультетке байланысты әр түрлі өткізіледі. 
Студенттердің академиялық мобильділігі ғылыми және білім алудағы тәжірисін молайтуды көздейді. Сонымен қатар, жас ғалымдарға жаңашық технологияларды меңгеруге сеп болады.