Торайғыров университетінің жоғары колледжінде 2022 жылғы түлектерге диплом табыстау шарасы өтті. 

Биыл колледжді сегіз оқу бағдарламасы бойынша 171 студент тәмамдады. Салтанатты шара Торайғыров университетінің мәжіліс залында өтті. Жастар алдында ЖОО жетекшілері сөз алып, колледждің 25 түлегіне ерекше үлгідегі диплом табыс етті. Олар оқуларын үздік аяқтады.
Колледждің басты мақсаты – Павлодар облысын білікті мамандармен қамту. Осылайша, болашақ кәсіби мамандар түрлі бағыттар бойынша еңбек етіп, нарықтағы жағдайды жақсартады. Металл өңдеу, электр станциялары мен желілерінің жабдықтары, техникалық қызмет ету, автомобиль көліктерін пайдалану және жөндеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру, менеджмент, құқықтану, есеп және аудит – бағыттар сан алуан. 
Алдағы уақытта жас мамандар кәсіби білімдерімен «ҚазТрансОйл» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ,  «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «ПРЭК» АҚ сияқты Павлодар облысының ірі кәсіпорындарында еңбек етпек.