Дос-Мұқасан аллеясында TOU FEST 2022 өтті.

 

Фестиваль аясында қолдан жасалған бұйымдар дүкендері өнімдерін ұсынған Garage sale өтті. Жиналғандар воркаут жарысы және стритбол ойындарына қатысты. 
Университет аумағында фотосушка өтті. Оған әуесқой және кәсіби фотографтар қатысты. Шара соңында кез- келген адам ұнаған фотосын алып кете алды. 
Фестиваль қатысушылары алдында «Вакцина» тобы өнер көрсетті. Кеш қызықты байқаулар ұйымдастырылған дискотекамен аяқталды.