Асхат Аймағамбетов Торайғыров университетінде Павлодар халқымен кездесті. 

Министр өз сөзінде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне баса назар аударды. Қазақстандық балабақшаларда жаңа модель енгізілуде - балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту. 

- Орта білім - маңызды деңгей. Өткен жылы елімізде 277 жаңа мектеп салынды. Бала саны артқандықтан, бұл аздық етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай кем дегенде 1 млн оқушы орны ашылады. Сонымен қатар, біз мектептерде тілдерді біртіндеп енгізуді көздейміз. Мемлекеттік тілдегі мектептер үшін бірінші сыныпта қазақ тілі қосылады, екінші сыныпта орыс, ал үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады, - дейді Асхат Аймағамбетов. 

Дебаттық қозғалыс және "Оқитын мектеп" - министр бұл жобалардың келер ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті. 

Кездесудің екінші бөлігінде министр тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар қауымы нөлінші сыныптар, отбасылық білімді заңдастыру, ерекше балаларды оқыту туралы сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, "Алтын белгі" мәртебесін растау, халықаралық олимпиадалардың пайдасы, турникеттерді алып тастау бойынша сұрақтар қойылды. 

  - Турникеттер мәселесі бойынша  құзырлы органдар, мәселен, ТЖ мекемелері бұл құралдар эвакуация кезінде қауіпті десе айналысамыз. Әзірге мұндай ақпарат жоқ, - дейді министр. 

Кездесу екі сағатқа созылды. Асхат Аймағамбетовке шамамен 30 сұрақ қойылып, тұшымды жауаптар алынды.