Торайғыров университетінің студенті Валентина Дмитренко қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиаданың финалисті болды.

Зияткерлік сайыстар Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесінде өтті. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін 10 финалист анықталды, олардың қатарына ToU студенті де кірді. Жеңімпаздар Ресей Олимпиадасының финалдық кезеңінде еліміздің намысын қорғайтын болады. Валентинаны құттықтаймыз және финалда сәттілік тілейміз!