Торайғыров университетінде 1 маусым күні қабылдау комиссиясы жұмысын бастады.

 

Чернорецк орта мектебінің түлегі Карина Паскина 2022 жылғы алғашқы талапкер атанды. Ол Торайғыров университетіне заңтану мамандығы бойынша түспекші.

Қабылдау комиссиясының қызметкерлері Каринаға ақпарат беріп, естелік сыйлықты тарту етті. 

Еске салайық, гранттар мен оқуға түсу мәселелері бойынша 8 705 406 22 66 номері бойынша хабарласуға болады