Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабулдинов Beisembayev Library кітапханасына 400-ден астам жаңа әдебиетті тарту етті. Олардың қатарында «Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы», «Алаш және Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы: идеялар, тағдырлар, мұра»,  «Мұрағаттық құжаттар жиынтығы және материалдары»,  "XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы»  еңбектері бар. 

Студенттер, магистранттар, докторанттар, университет өкілдері бұл дереккөздерді кеңінен пайдалану мүмкіндігіне ие.