Павлодар Кәсіподақ үйінде кәсіподақ мүшелері Қазақстан кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешовпен кездесті.

Дөңгелек үстелге кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатысты. Кездесу барысында  референдум бойынша атқарылған ақпараттық түсіндірме жұмыстары туралы айтылды. Диалогтік алаңға Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов модераторлық етті. Жиналған қауым алдында Павлодар облысы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Марина Иванова мен облыстық мәслихат депутаты Жарқынбек Амантайұлы сөз сөйлеп, бесінші маусымда таңдау жасауға шақырды.

- Аймақтардағы жұмыс қарқыны жақсы. Алтыншы мамырдан бастап Павлодар облысында Коституцияға өзгертулер енгізу бойынша 450-ден астам түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.  Павлодарлық әріптестерімізге атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіреміз, - дейді Нұрлан Өтешов.

Кездесуге қатысқан азаматтар референдум ел болашағына байланысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді деген ой айтты.