Павлодарда ардагерлер арасындағы қалалық спартакиада өтті. Шараға ToU өкілдері де қатысты. 

Спорттық жарыс төрт бағыт бойынша өтіп, оған қатысуға 24 команда өтініш білдірді. 
Ерсен Ордабаев университеттің намысын шахмат бойынша қорғады. Үстел теннисі бойынша Юрий Шелепов пен Вера Тюрина, ал сақинаға лақтыру бойынша Жаудат Аблеев пен Надежда Степанова өнер көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша Жаудат Аблеев доп лақтыру бойынша үздік атанды, допты тоғыз рет салды. Надежда Степанова төртінші орынға ие болды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз!