Торайғыров университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының түлегі Юлия Ширяева Қазақстан құрамасының құрамында Испанияда өткен шағын футбол турниріне қатысты. 

 

Байрақты жарыс Пальма-де-Майоркада өтті. 18 команда қатысты. Юлия қарсыластардың қақпасына 11 доп салып, халықаралық дәрежеде шеберлігін байқатты. 

Осы турнирде қазақстандық құрама ¼ финалға өтіп, Бельгия, Швейцария, Голландия командаларын жеңді. Біздің қыздар тек Испания құрамасынан жеңіліп қалды. @julkapvl мақтан тұтамыз және жеңіс тілейміз!