Торайғыров университетінің қызметкерлері ҚР-ның еңбек сіңірген спорт қайраткері, бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Рафаэль Вахитовты туған күнімен құттықтады. 

 

 

Ардагер спортшы аймақ пен еліміздің  боксын дамытуға сүбелі үлес қосты. 

Рафаэль Вахитовтың арқасында павлодарлық спортшылардың есімі баршаға таныс болды. Ол елге танылған чемпиондарды тәрбиеледі. Шәкірттерінің ішінде Евгений Выприцких, Евгений Лысенко, Елеусіз Дүйсеков және Игорь Михайлов  бар. Павлодарлық былғары қолғап шеберлері Дүйсеков пен Михайлов Кеңес Одағы құрама командасында болған. 

Ардагер жастарға әрдайым ақыл-кеңес айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісуге дайын.