Торайғыров университетінің базасында экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында халықаралық ғылыми байқау өтті. 

Тақырып - пандемияның экономикалық дамуға әсері. 

Конкурсқа отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қатысты. 
Ғылыми жарыс екі секция бойынша өтті: кәсіпкерлік және экономикалық белсенділік; еңбекпен қамту және жұмыссыздық.

Бірінші секцияда Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университеті жеңіске жетті. Екінші орынға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ие болды. 

Торайғыров университеті ұйымдастырушы ретінде студенттерді ғылыми-тәжірибелік жұмысқа тартып, жастарды ғылыми-техникалық инновациялық қызметпен айналысуға ынталандырады.